Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Москит торын шешіп, өзгенің үйіне ұрлыққа түскен ақмолалық ұсталды

Ақмола облысында москит торын шешіп, біреудің үйіне кіріп, ұрлық жасаған қаскүнем ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аршалы ауданының тұрғыны полиция бөліміне 24 шілдеде белгісіз адам үйге кіріп телефонын ұрлағанын хабарлады.

Таңғы сағат 8 шамасында қаскүнем москит торын шешіп, жеке үйдің жатын бөлмесіне кіріп, Samsung ұялы телефонын ұрлап кеткені анықталды.

Залал сомасы 81 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлел тәркіленді.

Ақмола облысының полиция департаменті көктемгі-жазғы кезеңде үй ұрыларының айтарлықтай белсенділігі артатынын еске салады және азаматтарға жеке мүлкін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру