Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Концертке жоқ билеттерді сатқан күдікті ұсталды

Концертке жоқ билеттерді сатқан алаяқтыққа күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері интернет алаяқтығын жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында OLX қосымшасына Мот есімді әншінің концертіне билет сатамын деген жалған хабарландыру жариялағаны анықталды. Ол алданған азаматтардан ақшаны өзінің емес, досының банк шотына аударуды сұраған. Алайда уәде етілген билеттерді жібермей, кейін хабарласқандармен байланысын үзіп отырған.

Күдікті қылмыс жасағанын толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтқан. Қазіргі уақытта оның үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Ақшалай операциялар кезінде тексерілмеген тұлғаларға сенбеуге, ресми және сенімді дереккөздерді ғана пайдалануға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру