«Мотоцикл» ЖПІШ: Жетісу облысының полицейлері азаматтарды жол ережесін қатау сақтауға шақырады
Жетісу облысында 31 шілдеден бастап «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полиция азаматтарға жол ережесін қатау сақтауды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖПІШ мақсаты – мотокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейту. Бұл іс-шара ерекше өкімге дейін жалғасады және нәтижелері мотокөлік жүргізушілері арасында жауапкершілікті арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Іс-шара барысында мотокөлік иелері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 998 жағдайы тіркелді. Бұзушылықтардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
– Басқару құқығы жоқ тұлғалардың мотокөлік құралдарын басқаруы – 253 жағдай;
– Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану ережелерін сақтамау – 167 жағдай;
– Нөмірсіз көлік құралын басқару – 51 жағдай:
– Тыныштықты бұзу 47 жағдай;
– Маневр жасау ережелерін бұзу – 29 жағдай.
Сондай-ақ мотокөліктің қатысуымен 24 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 7 адам қайтыс болды. Ал әртүрлі сипаттағы жарақат алғандар саны – 23. Зардап шеккендердің алтауы – кәмелетке толмағандар. Тексеру нәтижесінде мамандандырылған автотұраққа 239 бірлік мотоцикл қойылды.
– Бұл сандар көптеген мотоцикл мен скутер жүргізушілерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуінен болады. Мотоцикл құралдарын басқару тек шеберлікті ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, өйткені кез келген бұзушылық жүргізушінің өзі үшін де, айналадағы адамдар үшін де ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз. Естеріңізде болсын, мотокөлікпен жүрген кезде мотошлемдерді кию – бұл ұсыныс қана емес, өмірлік маңызды шара. Мотошлем басты ауыр жарақаттардан қорғайды және апат болған жағдайда өмірді сақтап қалуы мүмкін, – деді облыстық ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.
«Мотоцикл» іс-шарасы жол қозғалысының барлық қатысушысына жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен жолдарда мұқият болу қажеттілігін еске салады.