Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарт ана мен немересіне көмек көрсетілді

Алматының полиция қызметкерлері қарт ана мен оның мүгедек немересіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың үндеуін қабылдайтын полицияның Call-орталығы тәулік бойы 4 мыңнан астам қоңырау қабылдайды. Байланыс орталығының кезекшілері азаматтарға жол қозғалысындағы шектеулер туралы және қалада енгізілген карантиндік режим бойынша кеңес беріп, көмектеседі.

“Азаматтардың мүмкіндіктері болмағандықтан қаржылық көмек сұрайтындар жиі кездеседі. Біз, бірінші кезекте осындай хабарламаларды мұқтаждарға көмек көрсететін қаладағы еріктілердің штаб-пәтеріне жібереміз. Кейбір отандастарымызға өз бетімізше көмектесуге тырысамыз. Қызымен жалғыз тұратын 73 жастағы Х. есімді әже қиын жағдайға тап болып, үйден шыға алмаған және азық-түлік сатып ала алмаған. Айтпақшы, қарт әйелдің мүгедектігі бар. Әйелдің қызы жақында көзге күрделі хирургиялық отадан өткен және оның да мүгедектігі бар. Әйелдер үйден шыға алмаған, сол себепті, көмек сұрады. Бұл сигналға бірінші болып ПД Тергеу және жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері жауап берді. Олар қажетті азық-түліктерді сатып алып, әйелдердің үйлеріне апарып берді. Осындай қиын кезеңде ешкім мұқтаж азаматтарға бей-жай қарамауы керек, карантин кезінде, мұндай көмек кейбір азық-түлік жеткізушілері сияқты байланыссыз көрсетіледі. Сондай-ақ, полицияға көмек беруге дайын ерікті азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Азаматтарға осы оқиғаға бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтамыз, бірақ полиция қызметкерлері өзіне жүктелген міндеттерді толықтай орындап жатыр. Қарт көршілердің, жалғызбасты, көп балалы аналардың жағдайларына қызығушылық танытыңыздар және мүмкіндігінше оларға барлық көмекті көрсетіңіздер», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Карантин және жол тосқауылдарын пайдалану мәселелері бойынша Алматы қаласы ПД колл-орталығының телефондары: 254-40-07;


Алматы еріктілерінің жедел штабының телефоны: 279-16-91.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру