Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мүгедектікке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Түркістан облысында мүгедектікке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдасы мүгедектік зейнетке шығарып беремін деп 400 мың теңге ақшасын алған. Алайда жарты жылдан аса уақыт өтсе де берген уәдесін орындамаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Хабар алған бойда тәртіп сақышары бірден іске кірісті. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам несиелерін жабу үшін осындай әрекетке барған. Ол жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру