"Мүгедектікке шығарып беремін" деп шымкенттік тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды
Шымкентте "мүгедектік топқа шығарып беремін" деп қала тұрғынын алдаған азаматша ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 13-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның "102" нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында бейтаныс азаматша ұлын мүгедектік топқа шығарып беретінін айтып, сеніміне кіріп, 220 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ №29 УПП қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жүргізілуде.
Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.