Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мүгедектікке шығарып беремін”: тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Түлкібас ауданында “мүгедектікке шығарып беремін” деп бірнеше тұрғыннан ақша алған алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде бөтеннің сеніміне кіру арқылы алдап, алаяқтық әрекеттерін іске асыратындар қатары көбейді. Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша табатын талай алаяқтарды ұстап, жолын кесті. Мәселен, Түлкібас аудандық полицейлері мүгедектікке шығарып беремін деген желеумен бірнеше тұрғындардың ақшасын жымқырған күдікті әйелді ұстады.

Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың тамыз айында Түлкібас ауданының жергілікті тұрғынын танысы “мүгедектікке шығарып беремін” деп алдап, құжаттарымен бірге 200 мың теңгесін алып кеткенОсы уақыт аралығында мүгедектікке шыға алмаған, ақшасын қайтара алмаған тұрғын сан соғып қалғанын түсініп, АПБне арызданып, полицияның көмегіне жүгінген. Осы секілді арыздарымен полицияға тағы да бірнеше тұрғындар шағым түсіріп, алаяқтың арбауына түскендерін жеткізді. Аталған жайттар ҚР ҚКнің 190-бабымен “Алаяқтық” тіркеліп, сотқа дейінгі тергептексеру жұмыстары жүргізілді.

Аудандық полицейлердің кәсіби шеберлігінің, қырағылығының арқасында жоғарыдағы төрт бірдей жәбірленушілердің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шаралары жасалды. Жедел іздестірудің нәтижесінде күдікті әйел тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғынәйел болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің төрт жәбірленуші әйелді алдап, жалпы көлемі миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кінәсін мойындаған күдіктінің басшарасы “қолхатта”.

Қылмыстық істі тергеу барысында белгілі болғандай жергілікті тұрғындардың бір көрген яғни дұрыс танымайтын адамға деген сенгіштігі салдарынан, көбіне алаяқтардың алдауына түсіп қалатын көрінеді. Сондықтан, Түркістан облысы полицейлері алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де осындай алаяқтардың қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз “102” шұғыл нөміріне хабар беріңіздер Өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру