Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мүгедектікке шығарып беремін»: тұрғынды алаяқ алдап кеткен

Сайрам ауданының полицейлері «мүгедектікке шығарып беремін» деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны сырттай танысы 2019 жылдың желтоқсан айында мүгедектікке шығарып беремін деп алдап, 30 мың теңге ақшасын алған. Содан бері уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Осылайша алаяққа алданғанын білген тұрғын, полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Сайрам АПБ-нің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс шарасы барысында күдіктінің жеке-басын анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан. Бас шарасы қолхатта. Жинақталған ақпараттар сотқа жолданды.

Жалпы жыл басынан бері Сайрам аудандық полиция басқармасында 100-ден астам алаяқтық жайты тіркелді. 18 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға барынша абай болуға, сенгіштікке салынбауға кеңес береді. Алаяқтардың әртүрлі арбауына түсіп қалмауды, жақсы таныс емес адамдардың заңсыз ұсыныстарын қабылдамауды ескертеді. Алаяқтардың алдауына бой алдырмаңыз! Егер сіз осындай алаяқтық фактілерінің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру