Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұғалімдіктен полицияға келген Алмагүл Оразқызы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ.

Алмагүл Балтабаева мұғалімдіктен полицей қызметіне 2000 жылы ауысқан. Кадр саласында қызмет еткен Алмагүл Балтабаева 2015 жылдан бастап жергілікті полиция қызметі бөлімшесінде кәмелетке толмаған істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқаруда.

Еңбек жолында ҚР ІІМ және департамент басшылығынан атынан бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталған, І, ІІ және ІІІ дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін”, сонымен қатар “Қазақстан полициясына 25 жыл”, “Қоғамдық тәртіп қызметі үшін” медальдарының иегері.

8 наурыз мейрамына қандай сыйлық күтесіз деген сауалға Алмагүл Балтабаева ойланбастан: “Сол күнді отбасыммен өткізсем” деп жауап берді. Ол жұмыс бабымен балаларына уақыт аз бөлетінін алға тартты. Қызметінің ауырлығы мен жауапкершілігін түсініп, қолдау көрсететін отбасына ерекше ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру