Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Мүлкіңізге сақ болыңыз": Атырауда жедел-профилактикалық іс-шара басталды

Атырауда "Мүлікті қорғау" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпаннан бастап криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрлықтың, оның ішінде мал ұрлығы мен автокөліктерді заңсыз айдап әкетудің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Басты мақсат – азаматтардың мүлкін қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қала аумағындағы халық көп шоғырланатын сауда орталықтары, базарлар мен қоғамдық көліктерде тұрғындармен кездесіп, сақтық шараларын түсіндірді. Сонымен қатар мүлікті қорғау жолдары жазылған 50-ден астам жадынама парақтары таратылды. Полицейлердің айтуынша, мұндай тәсіл азаматтардың қырағылығын арттырып, өз мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

- Көп жағдайда ұрлық деректері адамдардың бейқамдығынан орын алады. Сондықтан тұрғындарды жеке заттарына сақ болуға, автокөліктерін қараусыз қалдырмауға, мал-мүлкін бақылауда ұстауға шақырамыз. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы, – деді криминалдық полиция бөлімшесінің жедел-іздестіру тобының кіші жедел уәкілі Ислам Кәрім.

Айта кетейік, республикалық "Мүлікті қорғау" жедел-профилактикалық іс-шарасы 28 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру