Мұнайлы ауданында «InBet » букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «InBet » букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамыз сағат 21.30-да Мұнайлы ауданының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында тәртіп бұзушылық фактісін анықтады.
Белгілі болғандай, букмекерлік кеңсе өз қызметін заңсыз жүзеге асырған.
Полиция айғақ зат ретінде сегіз монитор, жеті жүйелік блок, екі теледидар және бір кассалық аппарат тәркіледі.
Осы факті бойынша жиналған материал Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.