Нашақорлық - қоғам дерті: Қарағанды облысында сотталғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Нұрым Сәдуақасов Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекеменің базасында есірткі қылмысы үшін сотталғандарға есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дәрістің мақсаты - сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар, кеңінен түсіндірілді.
- Нашақорлық - өзекті мәселелердің бірі. Бұл бүкіл қоғамның трагедиясы. Сондықтан мұндай іс-шаралар сотталғандарға оң әсер етеді, есірткісіз салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады деп ойлаймыз, - деп атап өтті мекеме бастығы Еркебұлан Қарғалтаев.