Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Нашақорлыққа қарсымыз": Жезқазғанда психологиялық семинар-тренинг өтті

Полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласы жасөспірімдерді қолдау орталығының тәрбиленушілеріне арналған "Нашақорлыққа қарсымыз" психологиялық семинар-тренингі өтті, - депхабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шара кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты және саналы өмір салтын ұстануға тұрақты ынталандыру. Тренинг барысында қатысушылар салауатты өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру, психоактивті заттарды қолданудың ауыр зардаптары, сондай-ақ зиянды әдеттерден бас тарту дағдыларын дамыту сияқты маңызды мәселелерді белсенді талқылады.

Жасөспірімдер қызу пікірталастарға қатысып, командалық жұмысқа арналған жаттығуларды орындады. Бұл жаттығулар сенімділік пен өзін-өзі анықтауды дамытуға бағытталды. Тәрбиеленушілердің бұл тақырыпқа деген жоғары белсенділігі мен шынайы қызығушылығы ерекше атап өтілді.

Семинарды өткізуге профилактика кеңесінің өкілдері мен "Бірлік" жастар ресурстық орталығының еріктілері де қатысты. Бұл жастар арасында нашақорлықтың таралуымен күрестегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын көрсетеді.

Ұйымдастырушылар семинарда алынған білім мен дағдылар жасөспірімдерге салауатты болашақтың пайдасына саналы таңдау жасауға және өз ортасында нашақорлықсыз өмір идеясын белсенді насихаттаушы болуға көмектеседі деп үміттенеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру