Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Нашақорлыққа жол жоқ”: Абай облысында профилактикалық акция өтті

Абай облысында профилактикалық акция өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен нашақорлықтың алдын алуға және қоғам назарын заңсыз айналым мәселесіне аударуға бағытталған кең ауқымды “Нашақорлыққа жол жоқ” атты профилактикалық акция өткізілді.

Акция аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік іс-шаралар жүргізді. Негізгі назар республикалық маңызы бар автожолдарға және мобильді қосымшалар арқылы жолаушылар тасымалдайтын көліктерге аударылды.

Шараға есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция батальоны мен қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологтар қатысты.

Рейд барысында тәртіп сақшылары жеңіл және жүк көліктерін тексеріп, есірткі заттарын заңсыз тасымалдау немесе сақтау фактілерін анықтауға бағытталған шаралар қабылдады. Сонымен қатар, жүргізушілермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер оларға нашақорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді, жауапкершілік шараларын және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Жүргізушілерге құқықтық және профилактикалық ақпарат жазылған арнайы жадынамалар таратылды. Жадынамада сондай-ақ облыстық полиция департаментінің сенім телефоны көрсетілген.

Аталған шара есірткіге қарсы күреске қоғамды кеңінен тартуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру