Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Нашақорлыққа жол жоқ»: Қызылордада есірткі қылмысының алдын алу мәселесі талқыланды

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында есірткі қылмысының алдын алу мәселесі қаралды. Қызылорда облысының полиция департаменті өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда.  Жыл басынан 286 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталып, 72 есірткі өсіру, 18 өткізу, 6 аса ірі мөлшерде сақтау, 1 есірткі тұтынуға көндіру, 18 есірткі жарнамалаудың жолы кесілді.

– Заңсыз айналымға жіберілмеген 1 тонна 355 келі 416 грамм есірткі заты жойылды. Оның ішінде 49,5 келі марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1,2 келі гашиш тәркіленіп, 2 фито-зертхана анықталды, – деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Кеңесте облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Бас прокуратураның стратегиялық даму департаментінің бастығы Әлжан Нұрбеков, облыс прокурорының орынбасары Мәди Сарпеков, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов, мемлекет және қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, «Әкелер одағы» республикалық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет сөз сөйледі.

Кеңеске қатысушылар есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытында бірлесе қызмет атқару бойынша ұсынысты қолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру