Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нашақорлықтың алдын алудағы заманауи технологиялар: Жетісудағы “Киберволонтер” жобасы

Жетісу облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алуда заманауи технологияларды әзірлеу және енгізу мәселелеріне арналған полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара ПД ғимаратында өтіп, облыс прокуратурасының, білім басқармасы, цифрлық технологиялар басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, мәдениет басқармасы, денсаулық сақтау басқармасының, “Аманат” партиясының, сондай-ақ “Қос қанат” ҮЕҰ өкілдерін жинады.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – “Киберволонтер” қозғалысын құру болды. Бұл белсенді азаматтарды, әсіресе жастарды әлеуметтік желілерде нашақорлыққа байланысты қауіпті мазмұнды табуға және бұғаттауға бағытталған бастама. Қозғалыс тыйым салынған заттарды тарататын интернет-дүкендермен күресте маңызды элемент болады. Еріктілер осындай ақпаратты анықтауға және тиісті мемлекеттік құрылымдарға беруге көмектеседі.

Сонымен қатар кездесуде Telegram мессенджерінде бірыңғай коммуникациялық алаң құру идеясы талқыланды, ол мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау құрылымдарының және жастардың өзара іс-қимыл құралы болады. Мұндай платформа ақпаратпен жедел алмасуға, заңсыз қызметпен айналысатын интернет-ресурстарды бұғаттауға күш салуға және нашақорлықтың алдын алу бойынша жалпы стратегияларды құруға мүмкіндік береді.

Бұл іс-шара цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заманауи технологияларды пайдалану арқылы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекет пен жастар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру