Наурызнама онкүндігі: Талдықорған полицейлері Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнін атап өтті
Наурызнама онкүндігі аясында Талдықорған қалалық полиция қызметкерлеріне арналған мәдениет, өнер және ұлттық құндылықтарды насихаттау күні өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әртүрлі кезеңдер мен ұрпақтардың қазақ суретшілерінің туындыларын жиған көркемөнер галереясы құқық қорғау қызметкерлеріне есігін айқара ашты.
Іс-шара полиция қызметкерлерінің адамгершілік пен патриоттық тәрбиесін арттыру, салт-дәстүрлерді насихаттау, ұлттық мәдениетпен таныстыру, сондай-ақ өз өлкесінің өткенгі мен қазіргісін біліп тану мақсатында ұйымдастырылды.
– Тарихи естелік пен патриоттық сана адамды және бүкіл қоғамды рухани бай етеді. Тәуелсіз Қазақстанның орасан зор ішкі әлеуеті мен бай тарихы бар. Сондықтан іргелі құндылықтарды жаңғырту, азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру біздің еліміздің озық, мықты мемлекет ретінде өркендеуінің кепілі саналады. Патриоттық сезім бүгінді өткенмен байланыстыратын тарихты білмесе, болуы мүмкін емес, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров.
Экскурсия соңында полицейлер галерея қызметкерлеріне алғысын білдірді.