Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Наурызнама: СҚО полициясы ұлттық дәстүр мен мәдениетке жаңа серпіліс берді

СҚО полициясы ұлттық дәстүр мен мәдениетке жаңа серпіліс берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде өткен Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні көктемгі мерекенің ұлттық рухын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Наурызнама онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылған шара Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Оған полицияның түрлі бөлімшелерінен келген 20-дан астам жас қызметкер қатысты.

Кітапхана бөлімінің жетекшісі Дамира Жүсіпова ұлттық киім элементтерінің мағынасы, Наурыз дәстүрлері туралы айтып, тыңдаушыларды қазақ әдебиетінің классиктерін оқуға шақырды.

Полиция департаментінің басшылығы атынан кітапханаға "Тәуелсіздік сақшылары" кітабы сыйға тартылды. Бұл кітап Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай жазылған және облыстық полицияның тарихына арналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру