Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Назар аударыңыз! Балалар»: Алматы полициясы жүргізушілерді мұқият болуға шақырады

«Назар аударыңыз! Балалар»: Алматы полициясы жүргізушілерді мұқият болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуы қарсаңында 12-14 мамыр аралығында Алматы қаласында «Назар аударыңыз! Балалар!» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.

Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алу, оқушылардың бойына жол қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар жүргізушілердің, ата-аналардың және мұғалімдердің назарын балалар жарақаттарының мәселелеріне аудару.

– Инспекторлар тек қоғамдық орындарда түсіндірме әңгімелер жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар мұғалімдермен бірге бүкіл қала бойынша білім беру мекемелерінің оқушыларымен онлайн режимінде байланыс орнатады. Мектептегі бағдарламалардың бейне сабақтарымен қатар полиция инспекторлары көшелер мен жолдардағы қауіпсіз іс-қимыл, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша білім беру бағдарламаларын өткізеді. Жаз әлі келген жоқ, демалыс басталған жоқ, бірақ жасөспірімдер мен балалар қазірдің өзінде ойнап, серуендеп жатыр. Әрине, өсіп келе жатқан ағзаны үйде ұстай алмайсың. Осыған байланысты біз барлық көлік құралдарының жүргізушілерін, оның ішінде велосипедшілерді, мопедистерді, самокатшыларды мұқият болуға және жолдарға назар аударуға, аула аймақтарында жылдамдықты минимумға дейін төмендетуге, қала көшелеріндегі жылдамдықты шектейтін белгілерді қатаң ұстануға шақырамыз, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Еске сала кетейік, бұл балалар жол-көлік жарақаттарының алдын алу және көшеде, жолда қауіпсіз жүруге байланысты балалардың дағдыларын нығайту үшін өте қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру