Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нәзік жанды кинолог-полицей

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ.

Наталья Черных – азаматтық қорғау майоры, ол сондай-ақ ветеринарлық фельдшер, қызметтік ит өсіру бойынша нұсқаушы қызметін азаматтық қорғау органдарында 2003 жылы ШҚО МӨҚ МБ 1-МӨСБ және ВСР өрт сөндіру құтқарушысы лауазымында бастады.

Ол жеке құрамды бастапқы және мамандандырылған даярлау және құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтау сабақтарын жеке өзі жүргізді, іздестіру иттерімен оқу-жаттығу процесін дайындауды және өткізуді ұйымдастырды. Жедел-құтқару жасағының құрамында қызмет еткен уақытында табиғи орта мен техногенді үйіндідегі іздестіру-құтқару жұмыстарына барып, арнайы дайындалған иттердің көмегімен адамдарды құтқарды.

Наталья Юрьевна ШҚО ТЖД командасының құрамында үнемі «ҚАЗҚҰТҚАРУ» құтқару бөлімшелерінің халықаралық жарыстарына қатысып, бірнеше рет кинология саласында жүлделі орындарға ие болды.

ШҚО ТЖД кинологиялық бөлімшесі ШҚО ПД кинологиялық қызмет орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтіні белгілі. Құқық қорғау органдарының қатарындағы қызметін аяқтағаннан кейін ШҚО ПД кинологиялық қызметінің басшылығы жинақталған тәжірибені беру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында Наталья Юрьевнаны ШҚО ПД КҚО-на жұмысқа шақырды.

Айта кетсек, 2021 жылы ШҚО ПД КҚО қызметтік-іздестіру иттерімен инспектор-кинологтар оқиға орнына 8334 рет шықты. Қызметтік-іздестіру иттері 300-ден астам қылмысты ашуға қатысты.

Сонымен қатар, ТҚО желісі бойынша қызметтік-іздестіру иттері бар инспектор-кинологтар жарылыс-техникалық топтар құрамындағы іс-шараларға, күзетілетін адамдар Шығыс Қазақстан облысына келген кезде, литерлік іс-шараларды өткізу кезінде тұрақты негізде қатысады. Сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу алдында ШҚО ПД оқу-жаттығу взводының бекітумен бірге Өскемен қаласының оқу орындарын тексеру жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру