”Нелегал-Кордон” ЖПІШ: Қызылорда облысында 58 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында “Нелегал-Кордон” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 58 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Осы жылдың 10-17 қазан аралығында “Нелегал-Кордон” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау.
Рейдтік іс-шаралар өткізіліп, бір күнде 58 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар 3 шетел азаматы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның алты азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді.
Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының заңсыз еңбек жұмыс күші мен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастыруда.