Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Немересін мүгедектікке шығарамын деген түркістандық әйел алаяққа алданып қалды

Немересін мүгедектікке шығарамын деген түркістандық әйел алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында өткен жылдың төрт айында алаяқтық қылмысы бойынша 131 қылмыс тіркелді. Осы жылдың төрт айында 104 қылмыс тіркеуге алынған.

Мысалы, Түркістан ҚПБ-ға жәбірленуші әйел арызданып, алаяққа алданғанын жеткізді. Оның айтуынша, танысы немересін мүгедектікке шығарып беремін деп 300 мың теңге ақшасын алған. Арада бірнеше ай өтте де, алаяқ ақшасын қайтармаған.

Аталған қылмыстық істі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Нәтижесінде, күдікті әйел сол күні ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, орта жастағы алаяқ әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында осындай әрекетке барған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру