Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Несие алуға көмектесемін”: алаяқ 18 қарағандылықты алдап кетті

Несие алуға көмектесемін деген желеумен алаяқ Қарағандының 18 тұрғынын алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 және 14 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қала тұрғындарынан бес өтініш келіп түскен. Олардың барлығы белгілі бір азаматтың алаяқтық әрекетінің құрбаны болып шықты. Алаяқ ипотека алуға көмектесемін деген сылтаумен ақша алып, содан кейін байланысын тоқтатқан. Салым сомасы жәбірленушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты 300 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін болған.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған азаматтың тағы 13 эпизодқа қатыстылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру