Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Несие алуға көмектесемін»: жаңаөзендік алаяқтардың әрекеті әшкереленді

Жаңаөзендік алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы жергілікті тұрғынның арызы бойынша Мұнайлы ауданының 25 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, ол алдау жолымен несие алуға көмектесуге уәде беріп, 150 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын иемденген.

Осыған ұқсас, 2019 жылдың қазан айында Жаңаөзен қаласының 23 жастағы тұрғыны несие алуға көмектескені үшін қаскүнемге 150 мың теңге берген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда және кінәлілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім олардың нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Маңғыстау полициясы азаматтарды алаяқтардан абай болуға және олардың айла-амалдарынан сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру