Нұр-Сұлтан қаласында есірткі тасымалдаумен айналысқан топ анықталды
13 тамызда ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында Қызылорда облысының үш тұрғыны бар қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25-35 жас аралығындағы адамдар кірген бұл топ аса ірі мөлшерде есірткі заттарын
тасымалдаумен және сатумен айналысқан.
Қылмыстық топ есірткі заттарын республиканың оңтүстік өңірлерінен алып келіп,
делдалдар арқылы Нұр-Сұлтан қаласында сатқаны анықталды. Осылайша, олар өсімдік
тектес есірткі құралдарын өткізу арнасын ұйымдастырған.
Ұсталған кезде аталған топтан төрт келіден астам есірткі заты тәркіленді. Сараптама
қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «марихуана» болып табылады. Тәркіленген
заттардың құны жеті миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша (Есірткі
заттарды және олардың аналогтарын ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу,
сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу
басталды.
– Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына
қамалды, – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.