Нұр-Сұлтандағы түрмеге ақмолалық прокурорлар жұмыс сапарымен келді
Елордалық түрмеге Ақмола облысы прокурорлары жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕЦ-166/5 мекемесінде ұсталатын сотталғандардың құқықтары мен ұстау шарттарының сақталуына мониторинг жасау мақсатында Ақмола облысының прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов және Ақмола облысының прокуратурасының 2-ші басқарма бастығының орынбасары Нұржан Ережепов елорда бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Дәулет Рақымбековпен бірге мекеменің тұрғын үй-жайы мен өндірістік үй-жайларын аралап шықты. Аралау барысында мекеменің байланыс құралдары мен бейнебақылау жүйесі таныстырылды.
– Мекеменің барлық жабық үй-жайлары бейнебақылау құралдарымен жабдықталатын болады. Онымен қоса, сотталғандардың жүріс-тұрысына сапалы түрде бақылау жүргізу үшін қаралмайтын аймақтардың болуының жолы кесіледі, – деді Дәулет Рақымбеков.
Сапар барысында мекемедегі сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау жұмыстары жүргізілді. Прокуратура қызметкерлері мекемедегі ұстаушылардың құқықтары, азаптауға қарсы конвенциясының сақталуына және басқада қатыгездік және адам намысын қорлауға жол берілмеуін басты назарға алды.
Мекемеде ұсталатын сотталғандардың тарапынан олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты арыз-шағым түскен жоқ.