Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтандық полицейлер елордаға синтетикалық есірткі жеткізуші арнаны жойды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері елордаға синтетикалық есірткі жеткізуші арнаны жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде қалада құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында жеркілікті-рейдтік тексерістер жүргізуде.

Осылайша, Петров көшесінің бойында 23 жастағы күдікті ұсталды. Жеке тінту жүргізу барысында полицейлер күдіктіден ішінде есірткі заты бар 29 дана түйіншекті анықтап, тәркілеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні өткізуші «тауарды» өзінің жеке интернет дүкені арқылы халық көп жиналатын орындарға қойып кету жолымен өткізген. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған адам полиция қызметкерлеріне жасырын орындарды көрсетті. Аталған орындардан ішінде есірткі заты бар «қалташалар» тәркіленген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша айып тағылды, мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру