Ойыншықтар сатып аламын: өскемендік тұрғынды алматылық алаяқ алдап кетті
Өскемендік тұрғынды алматылық алаяқ алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында Өскемен қ.ПБ Солжағалау полиция бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол белгісіз әйел оның 282 500 теңгесін иемденгенін, оны төлем терминалы арқылы абоненттік нөміріне аударғанын айтты.
Алаяқтың жәбірленушіге Алматыдан балалар ойыншықтарының партиясын жіберуге уәде бергені белгілі болды, бірақ уәдесін орындамады.
– Криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынын ізін суытпай анықтап, жеткізді, ол тергеу әрекеттері барысында өз кінәсін мойындады. Ақшалай қаражат жәбірленушіге сақталған қолхатпен қайтарылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.