Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Олимпиаданың күміс жүлдегері ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті

Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөліміне қонаққа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан тарихында спорттық гимнастикадан алғашқы жүлдені алып, көк Туымызды көкке көтерген Нариман Құрбанов ұландық сарбаздармен жүздесті. Кездесу барысында ол құқықтық тәртіпке жауапты жауынгерлерге өз ақыл-кеңесін айтып, Отанға адал қызмет етіп жүргендері үшін алғыс білдірді.

Шара соңында 5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ұлықбек Қараев та чемпионға жеңісімен елімізді әлемге мойындатқаны үшін ұландықтар атынан алғысын жеткізді.

Сондай-ақ құрметті қонақты “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреевтің алғыс хатымен марапаттап, естелікке сыйлық табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру