Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Омбыда апалы-сіңлілі екі қызды өлтірген күдікті Павлодарда ұсталды

Ресейде апалы-сіңлілі екі қызды өлтіріп, 24 жыл бойы жасырынған күдікті Павлодарда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкері Гүлстан Батталованың қырағылығының арқасында тергеу органдарынан 24 жыл бойы жасырынып жүрген ер адам анықталды.

– Полиция қызметкері Ресей Федерациясының аумағында апалы-сіңлілі екі қызды өлтірді деп күдіктелетін 54 жастағы қазақстандықты азаматтықты анықтау құжаттарын қабылдау кезінде анықтады. Полиция подполковнигі ер адамды бағдар бойынша танып қалған, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тәртіп сақшысы атап өткендей, 1997 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының Омбы қаласында 30 жастағы ер адам (қылмыс жасау кезінде) кесіліп жасалған мылтықтан 25 жастағы қыздың басынан атып, кейін оның 22 жастағы сіңлісін пышақтап тастаған. Алған жарақаттардан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Күдікті қылмысты мас күйінде жасаған. Ауыр қылмыс жасағаннан кейін ер адам тергеу органдарынан жасырынып, мемлекетаралық іздеуге жарияланды.

Қазіргі уақытта іздестіру бастамашысына – Омбы облысы бойынша Ресей ІІМ хабарлама жіберілді. Енді қылмыскер жасаған ауыр қылмысы үшін толық көлемде жауап береді.

Айта кетейік, облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 430 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылық үшін 21 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 20-дан астам фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру