Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Өмір туралы ойландым”: СҚО-да полиция жасөспірімді бесқабатты үйдің төбесінен түсірді

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында учаскелік инспектордың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында жасөспіріммен байланысты қауіпті жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас жігіт бесқабатты үйдің төбесіне шығып, аудан орталығының кешкі жарықтарына қарап тұрған.

23 мамыр күні кешке Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөліміне Ленин көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдің төбесінде жасөспірімнің жүргені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу учаскелік инспектор Руслан Қоянбаев барды. Ол жасөспіріммен сенімді қарым-қатынас орната алды. Осылайша ол баланың ойланбай әрекет ету қаупін сейілтті.

Полиция капитаны Қоянбаев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Харипов баланы аман-есен жерге түсіріп, оқиғаның қайғылы аяқталуына жол бермеді.

Белгілі болғандай, жасөспірім биыл 16 жасқа толады және 9-сыныпты жаңа ғана аяқтаған. Оның айтуынша, сол кеште велосипедпен серуендеп жүріп, үйдің төбесіне шығып, “өмір туралы ойланғысы келген”.

Бұл жағдай – кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың қырағылығының және полиция капитаны Руслан Қоянбаевтың жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесінде жасөспірімнің өмірі мен денсаулығы сақталғанының жарқын мысалы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру