Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өмірін құқық қорғау саласына арнаған ардагер полицей

Ішкі істер органдары қызметі көбінесе ер адамдардың жұмысымен байланысты деп саналса да, осы саланың қатарында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қызметін жоғары деңгейде атқарып жүрген нәзік жандардың қатары да жоқ емес. Отставкадағы полиция майоры Татьяна Попик – сондай ерекше әйелдердің бірі. Ол туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар. 

Білімі бойынша мұғалім болған Татьяна Георгиевна өз өмірін құқық қорғау саласымен байланыстырмақ түгілі, полиция формасын кигенін ешқашан ойламаған. Алайда оның өміріне осы саланың есігін ашқан адам – оның күйеуі, қазіргі қызметкер Василий Попик болды. Татьяна Георгиевна қызмет жолын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор ретінде бастады. Осы қызметте 17 жылдан астам уақыт еңбек етіп, 1998 жылы аға учаскелік полиция инспекторы болып, лайықты демалысқа шықты.

Университетте алған теориялық білімі Татьяна Георгиевнаның практикалық қызметінде үлкен пайдасын тигізді. Құқық бұзушылық жасаған, қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан балалармен жұмыс істеу үшін ол әрдайым сабырлы әрі әділ болуға тырысты. Әрбір түзелген жасөспірім үшін оның жүрегі қуанышқа толып отырды. Татьяна Георгиевнаның еңбекқорлығының арқасында көптеген жасөспірімдер өздерінің жаман әдеттерінен арылып, дұрыс жолға түсті. Әсіресе аудан мектептерінің директорлары оның қиын балалармен диалог құрудағы шеберлігін жоғары бағалады.

- Мен өз жұмысымды жақсы көрдім. Уақыт пен күш-жігерімді ешқашан бекерге сарп еткен жоқпын. Күндіз ұйықтай алмадым, бірақ өзімді де, әріптестерімді де сөзге қалдырмауға тырыстым, – дейді Татьяна Георгиевна.

Адамдармен тіл табыса білу полиция қызметкері үшін аса маңызды екендігін айтып, ол осы негізгі дағдыны тезірек меңгерген адам жұмыста үлкен жетістіктерге жететінін атап өтті.

Жұбайы Василий Николаевич екеуі екі қызды тәрбиелеп, оларды өмірде өз орындарын табуға тәрбиеледі. Үлкен қызы Алена қазір отставкадағы медициналық қызметтің әділет капитаны болып, лайықты демалысқа шықты. Кіші қызы Любовь мектептен кейін Омбы мемлекеттік аграрлық университетіне оқуға түсіп, қазіргі уақытта Павлодар облысының бір фирмасында бас экономист болып қызмет етуде. Татьяна Георгиевна мен Василий Николаевич төрт немере және бір шөбере тәрбиелеп, олардың жетістіктеріне қуанып, мақтаныш етеді.

Татьяна Попикті келе жатқан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, амандық, жылулық, жақындарыңыздың назары мен қамқорлығын тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру