Он жылдан бері ішімдіктен бас тартқан Жыланды ауылы – ең үлгілі елді мекендерді бірі
Жетісу облысының Алакөл ауданында орналасқан Жыланды ауылын еліміздің ең үлгілі елді мекендерінің бірі деп атауға болады. Соңғы 10 жылда бұл ауылда алкогольдік ішімдіктердің кез-келген түрі сатылмайды, соның нәтижесінде көрсетілген уақыт аралығында мас күйінде жасалған бірде-бір қылмыс тіркелмеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл керемет көрсеткіш құқық қорғау органдары мен саналы ауыл тұрғындарының үйлесімді жұмысының нәтижесі.
– Қылмыстың мүлдем болмауы бұл көрсеткішке ақсақалдардың тәрбиесі мен ауыл жастарының бірлігі нәтижесінде қол жеткізілді, – деп атап өтті ауыл учаскелік полиция инспекторы Айдос Ақтымбаев.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі Жыландыдағы спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынуы. Бұл қадам жергілікті тұрғындар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында жасалды. Осының арқасында ауыл тұрғындары белсенді және байсалды өмір салтын ұстанады, бұл қауіпсіздік деңгейіне оң әсер етеді.
– Біздің ауыл тарихы терең аймақтағы көптеген адамдар үшін үлгі. Бізде 10 жылдан астам уақыт алкогольдік ішімдіктер сатылмайды, көшелерде мас күйінде бос жүрген адамдарды көрмейсің, бүкіл халық еңбек етіп, жұмыспен қамтылған, – деді Жыланды ауылының құрметті ақсақалы Жанаш Көпшікбаев.
Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын түрлі қоғамдық бастамалар мен қылмыстың алдын алу бағдарламалары құқықтық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады. Полицияның тұрғындармен үнемі қарым-қатынасы кез-келген ықтимал мәселелерді тез анықтауға және шешуге ықпал етеді.
– Мен кәсіпкерлікпен 5 жылдан астам уақыт айналысып келемін, осы уақыт ішінде алкоголь және темекі өнімдері сияқты зиянды заттар сатылмаған. Жергілікті тұрғындар денсаулыққа зиянды өнімдерді іздемейді, тек қонақтар немесе өтіп бара жатқан жолаушылар ғана спирттік ішімдіктердің сатылуы туралы сұрайды, – деп атап өтті ауыл тұрғыны Күләнда Әбдірахманова.
Жыланды облыстың және тұтастай алғанда басқа елді мекендеріне үлгі болып, әрбір азаматтың өз кентінің өміріне белсенді қатысуы және салауатты қағидаттарды ұстануы қауіпсіз және гүлденген қоғам құруға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Полиция Жыланды тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.