Өңірлерде Жолдау талаптарының орындалуы Министрдің тікелей бақылауында
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директоры Ә.Жарылқағанов Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарының орындалу барысын бақылау мақсатында Атырау облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Е.Тұрғымбаевтың нұсқауымен қызметтік іссапарда жүрген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директоры Ә.Жарылқағанов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының негізгі талаптарының орындалу барысын бақылау мақсатында 2020 жылдың 8 қазанында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне келді.
Барлық санитарлық – гигиеналық талаптарды орындай отырып, өткізілген кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, қылмыстық-атқару жүйесі саласы мекемелері қызметінің жариялығы, сотталғандардың конституциялық құқықтарын қорғау мен оларды қоғамға бейімдеу сияқты мәселелер талқыланды.