Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оңтүстікке кіріп-шығу қадағалауға алынды

Түркістан облысында төтенше жағдай режиміне байланысты екі блокпостта полицейлер жұмыс атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен 2020 жылдың 16 наурыз және 15 сәуір күндері аралығында елімізде төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Күнітүні рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қатаң қадағалауға алды​​​​​​​

19-наурыз сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылған соң, оңтүстікке қарай ағылған жұрттың қарасы қалың. Осы сәтте полицейлер қарап қалмай, медицина қызметкерлерімен бірлесіп қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр. Өңірге жол тартқан әрбір жолаушы тексеріліп, өткізіледі. ​​​​​​​​​​​​Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі ППБны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етеді.Осы мақсатта, Түркістан облысында арнайы екі блокпост орнатылды. Оның бірі «Шақпақ», ал екінші «Сауран» блокпосттарында Шымкент қаласы бағыты бойынша кіріп-шығып жатқан әрбір автокөлікпен жолаушылар арнайы тексерулерден өтеді. ​​​​

Түркістандық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтауға кеңес береді. Осындай қиын сәтте сабырға келіп, өз денсаулығыңыз үшін барлық сақтық шараларын жасауды керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру