Оқудан шығарады деп қорыққан: полицейлер семейліктің бейнежазбасы бойынша тексеріс жүргізді
Полицейлер семейліктің бейнежазбасы бойынша тексеріс жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарияланған бейне-өтініште ІІО қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ. Өтініш авторының дәлелдерін растайтын өзге де материалдар болған жағдайда оны тексеру және тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін ІІМ-нің немесе Абай облысының ПД ӨҚБ өзіндік қауіпсіздік қызметіне ресми түрде жүгінуді ұсынамыз.
Жас жігіттің жақындары тарапынан зорлық-зомбылық фактісі бойынша шаралар қолданбау туралы дәлелдерге қатысты ақпарат жалған екендігі расталды. 2022 жылғы желтоқсанда аталған өтініш Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінде қаралды, онда азамат Д.М.Ч арыз жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты.
Сол кезеңде заңды өкілінің қатысуымен сауалнамаға қатысқан кәмелетке толмаған жасөспірім өтірік айтқанын түсіндірді, себебі сабағын себепсіз жиі қалдыратындықтан, оқу орнынан шығарып жібереді деп қорыққан.
Полицияда кәмелетке толмаған адаммен сауалнама тек анасының қатысуымен, заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді.