Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Оқуға түсіріп беремін”: Ақтөбе облысында алаяқ тұрғынды алдап кетті

Ұлын оқуға түсірмек болған ақтөбелік әйл алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айында Бадамша кентінің 46 жастағы тұрғыны 50 жастағы әйелдің ұлын әскери кафедраға оқуға түсіру сылтауымен оның 270 мың теңге ақшасын иемденген.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдікті кінәсін толығымен мойындады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында бейтаныс азаматтарға ақша мен бағалы заттарды бермеуді ескертеді. Мұқият болыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру