«Оқуға түсіріп беремін»: Түркістан облысында алаяқтық жасаған әйелдің ісі сотқа өтті
Түркістан облысында таныстарын оқуға түсіріп беремін деп алдаған әйелдің ісі сотқа өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Белгілі болғандай, күдікті әйел танысын оқуға түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600 мың теңгесін алған. Алайда қанша уақыт өтсе де, уәдесін орындамай, алған ақшаны жеке бас пайдасына жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің бұдан бөлек дәл осындай алаяқтыққа қатысты екі жайтын анықтады.
Жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа өтті.