Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушы болашақ мамандығы мен мақтаныш сезімі туралы бөлісті

Оқушы болашақ мамандығы мен мақтаныш сезімі туралы бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының мектептерінің бірінде болашаққа бағытталған ерекше сабақ өтті. Сабақ тақырыбы – мамандық таңдау. Оқушыларға өз армандарын ой елегінен өткізіп, олар үшін үлгі боларлық жан туралы баяндау тапсырылды. Бұл тапсырма бір оқушы қыз үшін жүрекке әсер етерлік терең ой мен шынайы сезімге толы хатқа айналды. Хат арнаған адамы – туған әпкесі, тергеуші болып қызмет ететін жан.

- Саған кейде оңай емес екенін білемін, — деп жазады ол. — Сен күн сайын өзге адамдардың тағдырымен, ауыр жағдайлармен бетпе-бет келесің. Шаршағаныңды байқаймын, бірақ сен ешқашан берілмейсің. Сен — менің үлгі тұтар адамымсың».

Оқушы әпкесінің мамандығына ғана емес, оның ішкі қуатына, жауапкершілігіне, мейірімі мен табандылығына тәнті екенін шынайы жеткізді. Ол әр тергеудің – бір адамның тағдырына ықпал ететінін жақсы түсінеді. "Сен жай ғана жұмыс істемейсің — сен адамдарды қорғайсың", — дейді ол жүрекжарды сөзінде.

Бұл хат тек ұстаздар мен сыныптастарды ғана емес, оны кейін оқыған жандарды да бейжай қалдырмады. Қыз бала хатын: "Мен сенімен мақтанамын. Саған тек сәттілік тілеймін. Сенің бәріне төтеп беретініңе сенемін. Сен — менің мақтанышымсың", — деген жүрек тербер сөздермен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру