Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушы-кадеттер Қостанай облысы ПД-ға экскурсия жасады

№ 28 мектеп-гимназиясының оқушы-кадеттері Қостанай облысы ПД-ға экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда полиция департаментінде оқушы-кадеттерге экскурсия өткізілді, оның аясында тәртіп сақшылары құқық қорғау қызметіндегі цифрландыру процестері туралы айтты.

– Күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді, – деп Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк атап өтті.

Кадеттерге көлік ағының бақылауға және жылдамдық режимінің бұзылуын тіркеуге арналған «Ekin Patrol» аппараттық-бағдарламалық кешені көрсетілді.

– Облыс бойынша барлығы 6 бірлік жұмыс істейді. Олардың көмегімен жыл басынан бері жалпы сомасы 36 миллион 600 мың теңгеге 2700-ден астам жолда жүру ережелерінің бұзушылықтары анықталды, – деді ведомстводан.

2023 жылдың сәуір айынан бастап патрульдік полиция қызметкерлерінің 292 планшетінде орнатылған «Қорғау» мобильдік қосымшасы енгізілді және жұмыс істейді, ол жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды, оның ішінде әкімшілік айыппұл төлемейтіндерді анықтауға мүмкіндік береді. «Қорғау» мобильдік қосымшасымен 450-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

Ересек курсанттар криминалистерге адам қолының іздерін анықтауға мүмкіндік беретін «IDEMIA» ЖБС ААЖ аппаратының жұмысымен танысты.

Экскурсия барысында оқушылар 4900-ден астам камера шығарылған ЖБО-ға барды, сондай-ақ 2800-ден астам мұражай экспонаттары бар ІІМ-нің ең көне мұражайларының бірімен танысты.

– Бүгін бізге көрсеткен цифрлық технологиялар уақыт талабына сай келеді және полицейлерге қылмыспен күресуде көп көмектеседі деп санаймын. Іс-шара танымдық болды. Мысалы, біздің мектепте орнатылған камераларды полиция көре алады, – деді үшінші взвод командирі Амина.

Сондай-ақ департамент цифрлық шешімдерді қолдану азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, ішкі істер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігін айтарлықтай төмендетеді деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру