Оқушылар полиция қызметіне ризашылық білдірді
Алматыда полицияның жас көмекшілері карантинде қызметте жүрген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматылық полицияның жас көмекшілері полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
«Наурызбай ауданының №188 орта мектебінің оқушылары карантин кезеңінде қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Өлеңдер мен прозалар арқылы балалар өздерінің эмоцияларын жеткізді және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қиын кезеңдегі қызметтері үшін алғыс айтты. Оқушылар бейне түсірілім жасап, біздің мекен-жайымызға өздері жіберді. Өте жағымды тосынсый. Жеке құрам бұған жоғары баға берді. Сонымен бірге, полицияның жас көмекшілерінің құқықтық санасы қоғамның инфекцияның таралу қаупін қаншалықты мойындайтындығын және «көрінбейтін жауға» қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған қызмет өкілдерінің жұмысын бағалайтындығына ерекше назар аударған жөн. Өз кезегінде балаларға ішкі істер органдарының қызметіне объективті баға бергені үшін алғыс айтамыз және барлығына жақсылық тілейміз», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.