Оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді
Шымкент қаласында «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Білім беру ұйымдарының өкілдерін тарта отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 2020 жылдың 11-15 наурыз аралығында «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара барысында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сұхбат жүргізді.
Кездесу соңында мектеп инспекторы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.