Орал тұрғыны полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді
Орал тұрғыны полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласының орталығында жүрекке жылу ұялатар оқиға болды. Қала тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлеріне жолығып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы адал қызметтері үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Әйел адам құқық қорғау саласының оңай еместігін атап өтіп, өзін туған қаласында қауіпсіз сезінуі — осы қызметтің нәтижесі екенін жеткізді.
— Сіздерге алғысым шексіз. Қоғам тыныштығын күзетіп, тынымсыз қызмет етудесіздер. Бұл еңбектеріңіз көрініп тұр, біз оны бағалаймыз. Сіздерді ешкім шайға шақырмайды, тек қиын сәтте ғана көмек сұраймыз. Мен сіздер секілді бола алмас едім. Соған қарамастан, сіздер өз адамгершілігіңізді жоғалтпайсыздар, — деді ол.
Осы бір қарапайым, бірақ шынайы ризашылық сөзі тәртіп сақшыларына ерекше серпін беріп, олардың өз қызметіне деген ынтасын арттырды.
— Бұл жай ғана жылы сөз емес. Бұл – халықтың бізге деген сенімі мен еңбегіміздің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін білдіретін үлкен белгі, — деді полиция қызметкерлері.
Осындай адами ықыластар – бейбіт күннің бағасын ұғындырып, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайта түседі.