Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда бірдей мемлекеттік нөмір тағылған екі автокөлік анықталды

Оралда бірдей мемлекеттік нөмірлермен жүрген екі автокөлік анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында "Құқықтық тәртіп" және "Қауіпті жүргізуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында патрульдік полиция қызметкерлері "Автоураган" арнайы фото-видео тіркеу кешенін пайдаланып көлік ағымында бірдей мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Ipsum және Toyota Alphard екі автокөлікті анықтады.

Тексеру барысында аталған автокөліктердің екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелгені белгілі болды. Әр түрлі көліктерде бір мемлекеттік нөмірді пайдалану – заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады және айыппұлдан жалтару немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді жасыру мақсатында жасалуы мүмкін.

Осы факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, оған қатысы бар тұлғалар белгілену үстінде.

Екі автокөлік те ұсталып, арнайы айыптұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды көлік құралдарын тіркеу және пайдалану талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру