Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткі құралдарын сақтау және тарату күдігімен ер адам ұсталды

Орал қаласында есірткі құралдарын сақтау және тарату күдігімен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинология қызметі орталығының қызметкерлері бірлесіп, 32 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктіні жеке тінту кезінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған төрт орама мен екі пластик контейнер табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында zip-пакеттер, осындай зат салынған металл және пластик контейнерлер, электронды таразы, екі қолдан жасалған құрал (тақта), сондай-ақ ұялы телефондар мен планшет тәркіленді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті "Заң мен тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастырып, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру