Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткі сатқан жас жігіт күдікті ретінде ұсталды

Орал қаласында есірткі сатқан жас жігіт күдікті ретінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-қазанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 21 жастағы жігітті ұстады.

Оны жеке тексеруі кезінде ұнтақ заты бар 50 zip-пакет табылып, тәркіленді. Бұл шамамен 200 дозаны құрайды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұндай қылмыстар бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткі заттарын өткізудің 37 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру