Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды

Орал қаласында есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Орал қаласы аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтап, оның қызметін тоқтатты.

Заңсыз істің ұйымдастырушысы – 25 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 12 түйіншек, электронды таразы, жазбалары бар дәптер, оқшаулағыш лента, zip-пакеттер және ноутбук тәркіленді.

Сондай-ақ есірткі жасырумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан бір түйіншек табылып, тәркіленді. Ұялы телефонын қарау барысында есірткі жасырған 40 орынның координаттары анықталды, сол жерлерден ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 17 түйіншек тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция оңай табыс табу уәдесіне алданып қалмауға шақырады. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру