Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткі заттарын сақтаған елордалық тұрғын ұсталды

Оралда есірткі заттарын сақтаған елордалық тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында патрульдік полиция батальоны мен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы саябақтардың бірінде 21 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді.

Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар ақ ұнтақ салынған 7 zip-пакет, қара-қызыл түсті 6 капсула салынған пакет және ашық түсті 4 таблеткасы бар пластик контейнер анықталып, тәркіленді.

Күдікті уақытша тұрып жатқан жалдамалы пәтеріне жүргізілген тінту кезінде полицейлер дәл осындай заттар салынған тағы 85 zip-пакетті тапты. Барлық айғақ заттар заңға сәйкес тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру