Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды
Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО ПД қызметкерлеріне 1992 жылы туған Ж. есімді көлігін өзге біреудің айдап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға 26 наурыз күні сағат кешкі 19:30 бен 21:30 аралығында орын алған. Көлікті белгісіз біреу Зашаған кентіне қарасты, М.Мөнкеұлы көшесіндегі үйлердің ауласынан еркін түрде айдап әкеткен. БҚО ПД қызметкерлерінің қабылдаған арнайы іс-шаралары бойынша , жедел іздестіру нәтижесінде 1980 жылы туған А. есімді азаматты құрықтады. Ол РФ азаматы, Чуваш Республикасында тұратыны анықталды.
Көрші мемлекеттің азаматына айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.