Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік сабағы өтті

Орал қаласындағы №6 мектепте оқушыларға арналған қауіпсіздік сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласындағы №6 орта мектепте полиция қызметкерлері оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталған профилактикалық сабақ өткізді.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары балаларға интернеттегі қауіпсіздік қағидалары, алаяқтардың айла-тәсілдері және олардың құрбаны болмау жолдары туралы айтты. Сондай-ақ буллинг ұғымын түсіндіріп, мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңестер берді.

Сабақта оқушылар күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіпті жағдайларды талқылап, келесі маңызды сұрақтарға жауап алды:

Қауіпті дер кезінде қалай байқауға болады?

Қиын жағдайда кімнен көмек сұрауға болады?

Қайда және қалай жүгіну керек — ата-аналарға, мұғалімдерге, сенім телефонына немесе полицияға ма?

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтау мен көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс жасау маңыздылығын да еске салды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, түрлі өмірлік жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру